что такое депозит казакша

Депозит дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді? Депозит таңдау

Пікір қосу үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сіздің жауабыңыз

1 жауап

Әрине, депозит ашқанда біз табысымызды мөлшерлеп алу үшін пайыздық үстемеге мән береміз. Назар аударыңыз, сақтау мерзімі және сомаңызға байланысты бір депозиттегі пайыздық үстеме өзгеріп тұруы мүмкін. Банк менеджерінен 3,6,12,18,24 ай мерзімнің әрқайсысында жинақ салғандағы жылдық үстеменің қанша тұратындығын сұрап алыңыз. Әдетте банк бөлімшесіндегі буклеттерде сіз таңдағалы отырған депозиттің пайыздық үстемесінің ең максималды бағасы көрсетіледі. Бірақ салған сомаңыз бен салым уақытыңызға қарай сіз дәл сондай пайыздық үстемеге ие бола алмауыңыз да мүмкін. Тексерілмеген ақпараттың жетегінде кетпеңіз.

Есіңізде болсын, менеджер сізге толыққанды ақпарат пен керек кеңес беруге міндетті. Бірақ, бүгінде барлық банк кеңселерінен нағыз кәсіпқой қызметкерлер табыла бермейді. Сондықтан, ақшаңыз қалай сақтау керектігі туралы менеджерден сұрап білместен, тіпті банк таңдамай тұрып-ақ өзіңізге қажетті ақпаратты интернеттен қарап, тексеріп, алғаныңыз жөн. Сайттардағы мәліметтерді саралап, келісім-шарттарды салыстырып көріп, сосын ғана өзіңізді қанағаттанатын дұрыс шешім қабылдағаныңыз жөн.

Есте сақтаңыз: банкті таңдап, келісімге отырғаннан кейін де өз таңдауыңызды жасауға себеп болған, сайтта жазылған барлық ақпараттың келісім-шарттағымен бірдей екендігіне тағы да көз жеткізіңіз. Кез-келген адамның қателесуі мүмкін. Сайтта ескірген немесе бұрмаланған ақпараттың болуы әбден мүмкін. Қандай жағдай болмасын, мәселе сіздің ақшаңызға қатысты болса-өзіңізден басқа ешкімге сенім артпаңыз. Бұл сіздің мүддеңіз үшін.

Аталған депозиттен мерзімінен бұрын немесе жекелей ақшаны шешіп алғанда пайыздық үстеменің қаншалықты төмендейтіндігін немесе сыйақыдан айырылу мүмкіндігі қандай екендігін біліп алыңыз. Кей банктерден депозиттен ақша алғаныңыз үшін комиссия ұсталынады. Мерзімінен бұрын алғаныңыз үшін ешқандай табыс алмауыңыз да мүмкін. Сондықтан келісім-шарт талаптарын мұқият оқыңыз. Әр банк түрлі депозиттерді ұсынады, олардың әрқайсысының өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Зерттеп барып қана өзіңізге керектісін таңдаңыз. Джон Рокфеллер: «Сіздің табысыңыз сіздің шешіміңізге байланысты» деген. Саналы таңдау жасаңыз, сонда қаржылық тұрғыдан зардап шекпесіз.

Источник

Ең тиімді депозитті қалай таңдау керек?

Депозит дегеніміз не? Оны қалай таңдау керек? Қай банкке ақша салған тиімді? SZH.kz тілшісі осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп көрді.

Депозит дегеніміз – пайыздық мөлшерде табыс табу үшін банкке берілетін қаражат. Сіз өзіңіздің артық ақшаңызды банкке қолдануға бересіз. Әрине, уақытша түрде. Есесіне, банк бұл «қайырымдылығыңыз» үшін сізге салған ақшаңыздың үстінен белгілі пайыздық мөлшерде «сыйақы» береді.

Депозитті не үшін ашады?

Депозит — ақшаны сақтаудың ең тиімді тәсілі. Егер үй, көлік сатып алсаңыз немесе шетелге саяхат жасағыңыз келсе, ақшаны үйде немесе банк картасында сақтағанға қарағанда, депозитке сақтаған сенімдірек.

Қаржыгерлердің айтуынша, сіздің қаржылық болашағыңыз қанша ақша табатыныңызға емес, табыстан қанша ақша қалатынына байланысты. Сондықтан, ай сайын таюысыңыздың 10 пайызын болса да, депозитке салып отыруға кеңес береді.

Мысалы, жапондар балалары туа салысымен, банкке барып, оның атына депозит ашып қояды. Ай сайын ақша салып отырады. Баласы өскенде, есебінде қомақты қаражат болады. Оған үй алып беруге немесе шетелде оқытуға болады.

Қай валютада салу керек?

Доллар, еуро сияқты шетелдік валюталарда салатын болсаңыз, ай сайынғы пайыздық өсімі аз болады. Егер ұлттық валютаның девальвацияға ұшырауынан қорықсаңыз, шетелдік валюта сіз үшін тиімді болмақ.

Ал, ондай қорқынышыңыз болмаса, теңгемен депозит ашу арқылы жап-жақсы табыс табуға болады. Себебі, теңгемен салатындар үшін банктер жоғары пайыз ұсынады. Мысалы, биылғы девальвациядан кейін қазақстандық банктер теңге депозиті үшін 15%, шетелдік валюта үшін 2% өсім жасады.

что такое депозит казакша. Смотреть фото что такое депозит казакша. Смотреть картинку что такое депозит казакша. Картинка про что такое депозит казакша. Фото что такое депозит казакша Теңгенің долларға шаққандағы бағамы. Мәлімет kurstenge.kz сайтынан алынды.

Қайсын таңдарыңызды білмесеңіз, қолыңызда бар қаражатты екіге бөліп, бірін теңгемен, екіншісін шетелдік валютамен салыңыз.

Депозитті қалай таңдаймыз?

Қазіргі таңда депозиттің танымал екі түрі бар:

Егер жақын уақытта қаражат керек болмайды деп ойласаңыз, бірінші нұсқа сіз үшін тиімді болмақ.

Қай депозит тиімдірек?

Салған ақшаңыз аз уақытта табыс түсірсін десеңіз, пайыздың өсімі жоғары депозит таңдау керек. Қазіргі таңда теңге үшін ең жоғары өсім жылына 15,2%-ды құрайды. Ол «Халық банк» («Халықтық-стантар» депозиті) пен «Банк Хоум кредитте» («Қарапайым депозиті») бар.

15%-дық өсімді: Сбербанк («Көбейт», «Басқар» депозиттері) пен «Еуразия» банкі (TURBO депозиті) ұсынады.

14,9%-дық өсім: AsiaCreditBank («Мультивалюталы үздік таңдау»), Qazaq bank («Нағыз»), Altyn Bank («Алтын қор»), Delta bank («Дельта»), Bank RBK («Depositum»), Forte Bank («Депозит»), KazKom («Үздік»), т.б. банктерде бар.

Қазақстандық банктердің депозиттері мен олардың жылдық өсімі туралы қазақстандық қаржы порталынан білуге болады. Бұл жерде қазақстандық банктердің депозиттері мен әр валютаның жылдық өсімі туралы барлық мәлімет көрсетілген.

Банктердің депозиттегі жылдық өсімі бірдей болғанымен, ақша сақтау шарттары әр бөлек. Мысалы, депозиттен алынбайтын сомасы әртүрлі. Ол 1000 теңгеден бастап, 150 мың теңгеге (Altyn банк) дейінгі аралықта болады. Сондай-ақ, ақшаны сақтау мен алу мерзімі де өзгеше. Ол туралы жоғарыда айттық.

Ақша қалай өседі?

Мысалы, сіз 10%-дық өсімі бар депозитке 500 мың теңге салатын болдыңыз. Демек, 500 мың теңгені 10%-ға көбейтіп, 12 айға бөлеміз. Шыққан сома сіздің ақшаңызға ай сайын қосылатын «сыйақы».

Есептейік:
500 000 х 10% = 50 000 теңге. Бұл 1 жылда қосылатын сома. Демек, 50 000 / 12 ай = 4 167 теңге ай сайын қосылып отырады деген сөз.

Көріп отырғаныңыздай, депозитке қаншалықты көп ақша салсаңыз, ай сайын соншалықты өсім болады.

Банкті қалай таңдаймыз?

Сіз ақша салған банк банкрот болатын болса, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры сізге депозитке салған ақшаңызды өсімінсіз қайтарып береді. Алайда, ол 10 млн теңгеден асып кетпеуі керек. Егер депозитке бірден 10 млн теңге салғыңыз келсе, оны бірнешеге бөліп, әр түрлі банкке салып қойған жөн.

Депозитті ашу үшін жеке куәлігіңізді алып, банкке барасыз. Бұл жерде банкпен жасалатын келісім-шартты мұқият оқыңыз. Келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда қанша айыппұл төлейсіз, ақшаны шешіп алғанда комиссиясы қанша болады – бәрін анықтап алу керек.

Источник

Депозит ашқанда нені ескеру керек?

что такое депозит казакша. Смотреть фото что такое депозит казакша. Смотреть картинку что такое депозит казакша. Картинка про что такое депозит казакша. Фото что такое депозит казакша

Қомақты қаржыны банкте сақтау қауіпсіз бе? Депозиттің қандай түрлері бар? Ақшаны қандай валютада сақтаған дұрыс?

1. Депозит дегеніміз не?
Депозит дегеніміз – пайыздық мөлшерде табыс табу үшін банкке берілетін қаражат. Сіз көретін пайда мөлшері депозиттің пайызымен аңықталады.

Мысалы, сіз ақша салған банк депозитінің жылдық мөлшері 10% болса, онда депозитке салынған әрбір 1000 теңгеден жылына 100 теңге пайда түсіріледі.

Депозит банктердің негізгі пайда құралы. Банктер халықтан белгілі бір пайызбен депозит арқылы ақша жинайды да, кейін өзгелерге жоғарырақ пайызбен бұл қаржыны таратады.

2. Депозит қаншалықты қауіпсіз?
Қомақты қаржыны банкте сақтау қауіпсіз бе? Депозит ашқысы келетін адамдардың басты қорқынышы да осы. Алайда кез келген тұлғаның банктегі салымына мемлекет толық кепілдік беретінін біле жүріңіз.

3. Депозиттің қандай түрлері бар?
Қазіргі таңда депозиттің танымал екі түрі бар:

— Ұзақ мерзімді – депозиттік салым мерзімі аяқталғанша, ақшаны шешіп алуға болмайды.
— Қысқа мерзімді – қалаған уақытта ақшаңызды шешіп аласыз. Бірақ есебіңізде белгілі бір сомада ақша қалуы керек. Ол туралы кейінірек айтамыз.

Егер жақын уақытта қаражат керек болмайды деп ойласаңыз, бірінші нұсқа сіз үшін тиімді болмақ.

Депозит мерзімі – депозит алған банк талаптарына сәйкес болады. Салымды орналастыру мерзімі клиенттің қандай депозит түрін таңдағанына байланысты. Депозитті ашудың ең аз мерзімі кейбір банктерде 3 айдан басталады. Максималды мерзім – 5 жыл. Барлық банктерде депо­зиттердің шартты мерзімінен бұрын тоқ­татылуы, ақшаны толық қай­тарып алу мүмкіндігі қарастырылған.

4. Депозит не үшін керек?
Әр адам белгілі бір мақсатта ақша жинайды: үй алу үшін, балаларын шетелде оқыту үшін, саяхаттау үшін. Осы жинап жүрген ақшаны өз шотыңызда немесе үйде сақтағанға қарағанда банкте сақтаған тиімді. Оның үстіне банктер қосатын пайыздардан өз ақшаңыздың үстіне пайда табасыз. Яғни, депозит – ақшаны сақтауға арналған ыңғайлы қор.

Қаржыгерлердің айтуынша, сіздің қаржылық болашағыңыз қанша ақша табатыныңызға емес, табыстан қанша ақша қалатынына байланысты. Сондықтан, қаржыгерлер ай сайынғы табысыңыздың 10%-ын болса да, депозитке салып отыруға кеңес береді.

Шет елдерде бала туыла салысымен оның атына депозит ашып, ақша жинауды бастап кетеді. Осының арқасында бала кәмелет жасқа толғанша есеп шотында қомақты қаражат болады. Бұл қаржыны баланың біліміне, үй алуына немесе басқа да қажеттіліктеріне жұмсайды.

5. Депозит ашу үшін қандай құжаттар керек?
Депозитті ашу үшін тек бір құжат қажет – ол жеке куәлігіңіз. Депозит ашу мақсатында банкке барсаңыз, олармен жасалатын келісім-шартты мұқият оқыңыз. Сондай-ақ, келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда қанша айыппұл төлейсіз, ақшаны шешіп алғанда комиссиясы қанша болады – бәрін анықтап алу керек.

6. Банкті қалай таңдаймыз?
Жылдық өсімі өзіңізге ұнаған депозит түрін таңдайсыз да, банктің сайтына кіріп, депозит шартымен толық танысып шығасыз.

Таңдаған банктің « Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына » кіретінін анықтап алу маңызды.

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» дегеніміз не?
Қазақстанда депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесі жұмыс істейді. Валютасына, пайыздық мөлшерлемесіне қарамастан елдегі әрбір жеке тұлға мен жеке кәсіпкердің барлық депозиттеріне мемлекет толық кепілдік береді. Тіпті азаматтардың кез келген қазақстандық банктен ашылған ағымдағы шоттары мен бұрынғы шоттарындағы ақшасына да мемлекет кепілдік береді. Бұл туралы «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы заңында» жазылған.

Қор жұмысы туралы толығырақ білгіңіз келсе, www.kdif.kz сайтына кіріп немесе 8 800 080 10 20 телефон нөмірі арқылы «шұғыл желіге» хабарласыңыз. (Қазақстан бойынша қалалық телефондардан қонырау шалу – тегін)

Банк клиенті өз депозитін сақтандыру үшін банкпен немесе Депозиттерге кепілдік беру қорымен қосымша келісім-шарт жасасуы керек пе?
Салымшы бар болғаны тек банкті таңдап, банктік салым жөніндегі келісімге қол қоюы керек. Мемлекеттік кепілдік депозиттердің барлық түрлеріне беріледі. Сондай-ақ, мұндай кепілдік жеке тұлғалардың банктердегі шоттарындағы барлық қалдық ақшаларына да автоматты түрде беріледі.

7. Қандай банктен депозит ашу тиімді?
2017 жылдың қаңтар айында Қазақстандық кепілдік қоры (ҚКҚ) жеке тұлғалар салымына тиімді сыйақы мөлшерін 14% етіп бекіткен соң, банктер теңгеде сақталатын депозиттердің сыйақы мөлшерлемесін төмендете бастады.

Қазіргі уақытта депозит пайызы төмендемеген банк – Халық банк. Бұл банкте депозитті салудың ең төменгі мөлшері 15 000 теңге. Депозитті толықтыру мүмкіндігі шектелмеген. Ерекшелігі – 1 айға 10%-дық сыйақымен депозит аша аласыз. Ал 3 айға – 11%, 6 айға – 12%, 9 айға – 13%-дық мөлшерде сыйақы беріледі. 2 жылға дейін депозит ашқыңыз келсе сыйақы мөлшері 14%-ды құрайды.

Қазкоммерцбанкте депозитті 3 айдан 24 айға дейін сала аласыз. Бастапқы салымыңыз 15 000 теңгеден кем болмауы керек. Аталған банкте 3 айға ашылған депозитке сыйақы көлемі – 8%, 6 айға – 11%, 12 айға – 13,2%, 18-24 ай аралығында 13%-ды құрайды.

Ал Кaspi bankте сыйақының жоғарғы жылдық тиімді мөлшерлемесі депозитіңіздің мерзіміне қарамастан — 12%. Яғни депозит салу мерзімі – 1 айдан 24 айға дейін. Қазақстан бойынша кез келген филиалдан ақшаны алуға және салуға болады.

Цеснабанкте депозит ашудың ең төменгі сомасы – 10 000 теңге. 1 айдан 60 айға дейін ашуға болады. Жылдық сыйақы 1 айға –6,5%, 3 айға – 8%, 6 айға – 10%, 18 айға – 12% болса, 36-60 айға сыйақы мөлшері – 10%.

8. Қаржыны қай валютада сақтаған дұрыс?
Доллар, еуро сияқты шетелдік валюталарда салатын болсаңыз, ай сайынғы пайыздық өсімі аз болады. Егер ұлттық валютаның девальвацияға ұшырауынан қорықсаңыз, шетелдік валюта сіз үшін тиімді болмақ.

Ал, ондай қорқынышыңыз болмаса, теңгемен депозит ашу арқылы жап-жақсы табыс табуға болады. Себебі, теңгемен салатындар үшін банктер жоғары пайыз ұсынады.

9. Банк таратылған жағдайда.
Банктің мәжбүрлі түрде таратылу жөніндегі сот шешімі өз күшіне енгеннен кейінгі 14 күннің ішінде Қор республикалық БАҚ-дар арқылы төлем жасайтын агент банкті атап, төлемдердің басталатыны туралы хабарландыру береді. Содан кейін салымшылар бірден сол банкке хабарласып, 10 миллион теңгеге дейінгі кепілді түрде өтелетін ақшасын ала алады.

Сондай-ақ, сіз ақша салған банк банкрот болатын болса, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры сізге депозитке салған ақшаңызды өсімінсіз қайтарып береді. Алайда, ол 10 млн теңгеден асып кетпеуі керек. Егер депозитке бірден 10 млн теңге салғыңыз келсе, оны бірнешеге бөліп, әр түрлі банкке салып қойған жөн.

10. Бір адам бірнеше банктен депозит аша ала ма?
Басқа банктен депозит ашуға кредитіңіздің болуы кедергі емес. Бірақ депозит ашылған соң, Альянс банктің өтініші бойынша немесе ұзақ жылдан бері төленбеген несие болса, сот шешімімен сіздің депозиттік шотыңызға тиым салып, қарыз соманы алып қоюы мүмкін. Сондықтан банкпен ескі қарызыңызды қайтару жағын шешуге тырысыңыз.

Источник

Депозит ашарда нені білу керек?

что такое депозит казакша. Смотреть фото что такое депозит казакша. Смотреть картинку что такое депозит казакша. Картинка про что такое депозит казакша. Фото что такое депозит казакша

Q-econ – экономиканы қызық әрі қарапайым тілде түсіндіретін Instagram-парақша. Оның авторы, экономист Мәулен Орынбасар Massaget.kz порталына депозит ашудың қыр-сырын, банкті қалай таңдау керегін және депозиттегі валюта туралы айтып берді.

Депозит – инвестицияның бір түрі. Оның негізгі мақсаты – ақшаны көбейту, яғни депозит деген – банкте сақталған ақшаны білдіретін қаржылық термин. Банк бұл ақшаны айналымға жіберіп, пайда табады. Осылайша депозит иесіне пайыздық мөлшерлеме төлейді. Депозит банк үшін қарыз ақша болғандықтан әрқашан салымшыға қайтарылады. Қазақстанда депозиттің үш түрі бар.

Мерзімсіз депозит. Ешқандай шектеусіз ақшаны алуға, салуға болады.

Мерзімді депозит. Ақшаны салуға лимит жоқ, салымды жартылай шығарып алуға болады, бірақ пайыздық мөлшерлемеден айырылып қаласыз.

Жинақ депозиті. Ақшаны шығаруға максимал лимит қойылған. Ең көп пайыздық мөлшерлеме осы депозитте болады.

Депозитте ақша ұстағанның қандай пайдасы не зияны бар?

Жақсы жақтары:

Оңай/қарапайым. Басқа инвестиция түрлерімен, қаржы құралдарымен салыстырғанда, әлдеқайда оңай. Депозитті бір ашқан соң, мерзімі аяқталғанша ол туралы бас қатырмайсыз. Қолайлылық үшін Қазақстанда көптеген банк депозитті онлайн ашу қызметін ұсынады.

Тұрақты пайыздық мөлшерлеме. Депозитті ашқандағы пайыздық мөлшерле оның мерзімі аяқталғанша сол күйінде сақталады. Мысалы, сіз 12% депозит ашсаңыз, кейін нарықтағы депозит пайыздық мөлшерлемесі 9% түссе, сіздікі 12% болып қала береді.

Сіздің ақшаңыз бұғатталады. Әдетте ақшаны жұмсауға ештеңе кедергі бола алмайды, бірақ ақшаңыз жедел депозитке салынған соң оны импульсті сатып алулар үшін пайдалана алмайсыз. Бұл ақша үнемдеуді жеңілдетеді.

Депозитіңіз мемлекет арқылы кепілдендірілген. Қазақстандық депозиттердегі кепілдік жүйенің арқасында риск жоқ. Егер депозит ашқан банк банкрот болса, 15 миллион теңгеге дейінгі негізгі салымды (пайыздық мөлшерлемені емес) мемлекет өтейді.

Жағымсыз жақтары:

Тұрақты пайыздық мөлшерлеме. Бұл оң әрі теріс жақтары да болуы мүмкін. Мысалы, сіз 10% депозит ашсаңыз, кейін барлық банктер 13 пайыздық мөлшерлемемен депозит аша бастаса, өкініп қалуыңыз мүмкін.

Төмен табыс. Депозит – ең қауіпсіз, сондай-ақ ең төмен табысты инвестицияның бірі. Егер ақшаңызды басқа инвестиция түріне аударсаңыз (құнды қағаздар, жылжымайтын мүлік), пайыздық мөлшереме әлдеқайда көп болады.

Ақшаңыз құлыптаулы. Тез арада ақшаңыз керек пе? Егер ақша банк шотында болса, бұл проблема емес. Бірақ егер сіздің ақшаңыз мерзімді депозитте болса, сізге айыппұл төлеуге және банкке 31 күн бұрын хабарлауға тура келеді.

Депозитке ақша саларда нені білу қажет?

Келісімшартта қаражатты орналастыру және пайыздық мөлшерлеме төлеу талаптары, салымды қайтару (толық немесе ішінара) талаптары, оны толықтыру мүмкіндігі туралы талаптар, салым мерзімі, банк салымы шартын ұзарту талаптары туралы жазылады. Әдетте олар жарнамада көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін. Сондықтан банк депозитінің шартына қол қойғанға дейін оны мұқият зерттеу өте маңызды. Депозит ашуды жоспарлап отырған банктің сайтымен танысыңыз. Әдетте олар келісімшарт үлгілерін сайтқа жариялайды және депозит ашпас бұрын оның мәтінімен танысып алсаңыз болады.

Банкты қалай таңдаймыз?

Депозит ашпас бұрын, банк жайлы, оның ұсынатын депозит түрлерін анықтап алған дұрыс. Ұлттық банк сайтында көп ақпарат бар. Одан да құнды ақпаратпен Қазақстан қор биржасының сайтынан білуге болады. Мұнда әр банктың толық статистикасын қарауға болады. Алдымен депозитті қандай мерзімге ашқыңыз келетінін біліңіз. Егер ұзақ мерзімді депозит ашқыңыз келсе (он екі айдан көп), онда банк рейтингіне, қаржылық тұрақтылығына мән беріңіз.

Депозитке ақша саларда қандай қауіпті ескеру керек?

Рискті бағалау үшін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының мүшелерімен танысып алған дұрыс. 2020 жылдың қыркүйегіндегі мәліметке сәйкес, 24 банктің депозиттері кепілдендірілген (банк бір жағдайға ұшыраса, ақшаңыз қайтарылады). Олардың тізімі ҚДКБҚ сайтында жарияланған.

Табыстың неше пайызын депозитке салған дұрыс?

Қаржы мамандарының арасында 50/30/20 ережесі кең таралған. Табысыңыздың 50%-ын қажетіңізге (needs), 30%-ын қалауыңызға (wants), 20%-ын инвестицияға (savings) аударыңыз.

Өсім жайлы не білу қажет?

Барлық депозитке арналған бір формула жоқ. Депозит түріне қарай ондаған формула бар.

Ақшаны депозитте сақтаған жөн бе әлде қолда ұстаған дұрыс па?

Әрине, депозитте. Адамдардың ақшаны қолда ұстағаны экономикаға кері әсер етеді. Адамдар үшін де тиімсіз. Себебі жылдық инфлияцияның әсерінен ақша құнсыздана береді. Жастық астында жатқан ақшадан гөрі, депозитте аз болса да, өсіп жатқан ақша әлдеқайда пайдалырақ. Экономика үшін де қаржының айналымда болғаны өте маңызды.

Қандай валютада сақтаған дұрыс?

Депозиттегі валютаның дұрыс-бұрыстығы кейін ақшаны қай валютада жұмсайтынына байланысты. Қазақстандықтардың көбі теңгеде сақтағанды жөн көреді.

Банк банкротқа ұшырағанда қайтарылатын кепілді сома қандай?

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңының 61-1-бабына сәйкес, депозиттерді Қазақстанның Депозиттерге Кепілдік Беру Қоры қорғайды. Егер банк лизенциясынан айырылса, депозиттерді қайтаруды ҚДКБҚ өз жауапкершілігіне алады. Оған қазір 24 банк мүше.

Кепілдіктер мынадай:

что такое депозит казакша. Смотреть фото что такое депозит казакша. Смотреть картинку что такое депозит казакша. Картинка про что такое депозит казакша. Фото что такое депозит казакша

Автопролонгацияны (келісімшарт мерзімін автоматты түрде ұзарту) өшірген дұрыс па?

Бұл сұраққа нақты иә не жоқ деп жауап беруге болмайды. Кейбір адамға автопролонгация өте қолайлы – артық әуресіз депозит әрі қарай жалғасады (банк кеңсесіне барудың қажеті жоқ). Кейбір келісімшартта пролонгация туралы жазылады. Егер депозит мерзімінен кейін әрі қарай ұзарғанын қаламасаңыз, депозит аяқталардан бір күн бұрын депозитті жауып, салымды алып алыңыз. Егер келісімшартта пролонгация көрсетілмесе, мерзімі аяқталған соң депозиттегі салым бірден ағымдағы шотқа аударылады. Есте сақтайтын маңызды нәрсе – пролонгация кезінде пайыздық мөлшерлеме өзгеруі мүмкін.

Источник

Депозит ашқанда нені ескеру керек?

Қомақты қаржыны банкте сақтау қауіпсіз бе? Депозиттің қандай түрлері бар? Ақшаны қандай валютада сақтаған дұрыс?

1. Депозит дегеніміз не?

Депозит дегеніміз – пайыздық мөлшерде табыс табу үшін банкке берілетін қаражат. Сіз көретін пайда мөлшері депозиттің пайызымен аңықталады.

Мысалы, сіз ақша салған банк депозитінің жылдық мөлшері 10% болса, онда депозитке салынған әрбір 1000 теңгеден жылына 100 теңге пайда түсіріледі.

Депозит банктердің негізгі пайда құралы. Банктер халықтан белгілі бір пайызбен депозит арқылы ақша жинайды да, кейін өзгелерге жоғарырақ пайызбен бұл қаржыны таратады.

2. Депозит қаншалықты қауіпсіз?

Қомақты қаржыны банкте сақтау қауіпсіз бе? Депозит ашқысы келетін адамдардың басты қорқынышы да осы. Алайда кез келген тұлғаның банктегі салымына мемлекет толық кепілдік беретінін біле жүріңіз.

3. Депозиттің қандай түрлері бар?

Қазіргі таңда депозиттің танымал екі түрі бар:

Егер жақын уақытта қаражат керек болмайды деп ойласаңыз, бірінші нұсқа сіз үшін тиімді болмақ.

Депозит мерзімі – депозит алған банк талаптарына сәйкес болады. Салымды орналастыру мерзімі клиенттің қандай депозит түрін таңдағанына байланысты. Депозитті ашудың ең аз мерзімі кейбір банктерде 3 айдан басталады. Максималды мерзім – 5 жыл. Барлық банктерде депо­зиттердің шартты мерзімінен бұрын тоқ­татылуы, ақшаны толық қай­тарып алу мүмкіндігі қарастырылған.

4. Депозит не үшін керек?

Әр адам белгілі бір мақсатта ақша жинайды: үй алу үшін, балаларын шетелде оқыту үшін, саяхаттау үшін. Осы жинап жүрген ақшаны өз шотыңызда немесе үйде сақтағанға қарағанда банкте сақтаған тиімді. Оның үстіне банктер қосатын пайыздардан өз ақшаңыздың үстіне пайда табасыз. Яғни, депозит – ақшаны сақтауға арналған ыңғайлы қор.

Қаржыгерлердің айтуынша, сіздің қаржылық болашағыңыз қанша ақша табатыныңызға емес, табыстан қанша ақша қалатынына байланысты. Сондықтан, қаржыгерлер ай сайынғы табысыңыздың 10%-ын болса да, депозитке салып отыруға кеңес береді.

Шет елдерде бала туыла салысымен оның атына депозит ашып, ақша жинауды бастап кетеді. Осының арқасында бала кәмелет жасқа толғанша есеп шотында қомақты қаражат болады. Бұл қаржыны баланың біліміне, үй алуына немесе басқа да қажеттіліктеріне жұмсайды.

5. Депозит ашу үшін қандай құжаттар керек?

Депозитті ашу үшін тек бір құжат қажет – ол жеке куәлігіңіз. Депозит ашу мақсатында банкке барсаңыз, олармен жасалатын келісім-шартты мұқият оқыңыз. Сондай-ақ, келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда қанша айыппұл төлейсіз, ақшаны шешіп алғанда комиссиясы қанша болады – бәрін анықтап алу керек.

6. Банкті қалай таңдаймыз?

Жылдық өсімі өзіңізге ұнаған депозит түрін таңдайсыз да, банктің сайтына кіріп, депозит шартымен толық танысып шығасыз.

Таңдаған банктің «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына» кіретінін анықтап алу маңызды.

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» дегеніміз не?

Қазақстанда депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесі жұмыс істейді. Валютасына, пайыздық мөлшерлемесіне қарамастан елдегі әрбір жеке тұлға мен жеке кәсіпкердің барлық депозиттеріне мемлекет толық кепілдік береді. Тіпті азаматтардың кез келген қазақстандық банктен ашылған ағымдағы шоттары мен бұрынғы шоттарындағы ақшасына да мемлекет кепілдік береді. Бұл туралы «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы заңында» жазылған.

Қор жұмысы туралы толығырақ білгіңіз келсе, www.kdif.kz сайтына кіріп немесе 8 800 080 10 20 телефон нөмірі арқылы «шұғыл желіге» хабарласыңыз. (Қазақстан бойынша қалалық телефондардан қонырау шалу – тегін)

Банк клиенті өз депозитін сақтандыру үшін банкпен немесе Депозиттерге кепілдік беру қорымен қосымша келісім-шарт жасасуы керек пе?

Салымшы бар болғаны тек банкті таңдап, банктік салым жөніндегі келісімге қол қоюы керек. Мемлекеттік кепілдік депозиттердің барлық түрлеріне беріледі. Сондай-ақ, мұндай кепілдік жеке тұлғалардың банктердегі шоттарындағы барлық қалдық ақшаларына да автоматты түрде беріледі.

7. Қандай банктен депозит ашу тиімді?

2017 жылдың қаңтар айында Қазақстандық кепілдік қоры (ҚКҚ) жеке тұлғалар салымына тиімді сыйақы мөлшерін 14% етіп бекіткен соң, банктер теңгеде сақталатын депозиттердің сыйақы мөлшерлемесін төмендете бастады.

Қазіргі уақытта депозит пайызы төмендемеген банк – Халық банк. Бұл банкте депозитті салудың ең төменгі мөлшері 15 000 теңге. Депозитті толықтыру мүмкіндігі шектелмеген. Ерекшелігі – 1 айға 10%-дық сыйақымен депозит аша аласыз. Ал 3 айға – 11%, 6 айға – 12%, 9 айға – 13%-дық мөлшерде сыйақы беріледі. 2 жылға дейін депозит ашқыңыз келсе сыйақы мөлшері 14%-ды құрайды.

Қазкоммерцбанкте депозитті 3 айдан 24 айға дейін сала аласыз. Бастапқы салымыңыз 15 000 теңгеден кем болмауы керек. Аталған банкте 3 айға ашылған депозитке сыйақы көлемі – 8%, 6 айға – 11%, 12 айға – 13,2%, 18-24 ай аралығында 13%-ды құрайды.

Ал Кaspi bankте сыйақының жоғарғы жылдық тиімді мөлшерлемесі депозитіңіздің мерзіміне қарамастан — 12%. Яғни депозит салу мерзімі – 1 айдан 24 айға дейін. Қазақстан бойынша кез келген филиалдан ақшаны алуға және салуға болады.

Цеснабанкте депозит ашудың ең төменгі сомасы – 10 000 теңге. 1 айдан 60 айға дейін ашуға болады. Жылдық сыйақы 1 айға –6,5%, 3 айға – 8%, 6 айға – 10%, 18 айға – 12% болса, 36-60 айға сыйақы мөлшері – 10%.

8. Қаржыны қай валютада сақтаған дұрыс?

Доллар, еуро сияқты шетелдік валюталарда салатын болсаңыз, ай сайынғы пайыздық өсімі аз болады. Егер ұлттық валютаның девальвацияға ұшырауынан қорықсаңыз, шетелдік валюта сіз үшін тиімді болмақ.

Ал, ондай қорқынышыңыз болмаса, теңгемен депозит ашу арқылы жап-жақсы табыс табуға болады. Себебі, теңгемен салатындар үшін банктер жоғары пайыз ұсынады.

9. Банк таратылған жағдайда.

Банктің мәжбүрлі түрде таратылу жөніндегі сот шешімі өз күшіне енгеннен кейінгі 14 күннің ішінде Қор республикалық БАҚ-дар арқылы төлем жасайтын агент банкті атап, төлемдердің басталатыны туралы хабарландыру береді. Содан кейін салымшылар бірден сол банкке хабарласып, 10 миллион теңгеге дейінгі кепілді түрде өтелетін ақшасын ала алады.

Сондай-ақ, сіз ақша салған банк банкрот болатын болса, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры сізге депозитке салған ақшаңызды өсімінсіз қайтарып береді. Алайда, ол 10 млн теңгеден асып кетпеуі керек. Егер депозитке бірден 10 млн теңге салғыңыз келсе, оны бірнешеге бөліп, әр түрлі банкке салып қойған жөн.

10. Бір адам бірнеше банктен депозит аша ала ма?

Басқа банктен депозит ашуға кредитіңіздің болуы кедергі емес. Бірақ депозит ашылған соң, Альянс банктің өтініші бойынша немесе ұзақ жылдан бері төленбеген несие болса, сот шешімімен сіздің депозиттік шотыңызға тиым салып, қарыз соманы алып қоюы мүмкін. Сондықтан банкпен ескі қарызыңызды қайтару жағын шешуге тырысыңыз.

Источник

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *