что такое белсенді сздік

Қазақ тілі сабағында интербелсенді тәсілдерді қолдану жолдары(баяндама)

Ищем педагогов в команду «Инфоурок»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Атырау облыстық білім беру басқармасы

XIX облыстық педагогикалық оқу

Қазақ тілі сабағында интербелсенді тәсілдерді қолдану жолдары

Енсегенова Ақмарал Ақмырзақызы

Жалпы білім беретін №21 Жамбыл атындағы орта мектебінің орыс сыныптарындағы қазақ тілі

мен әдебиеті пәнінің I санатты мұғалімі

а) Интербелсенді оқыту және оқу

ә) Интербелсенді тәсілдерді қолдану жолдары

б) Интербелсенді тәсілдерді қолдану тәжірибемнен

Мен шәкірттерімді ешқашан да үйретпеймін;

мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар

Қазіргі кезде тіл мамандары мен әдіскерлерді оқыту үдерісінде дидактикалық мақсатты шешуде оқыту әдістемесінің белсенді түрлеріне бет бұруда. Оқытушының тіл үйренушілермен педагогикалық қатынасты ұйымдастыра алу қабілеті бүгінгі таңдағы тілді оқыту үдерісінің тиімділігін арттырады, ол оқушының жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін ашуға және тілді меңгерудегі мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруіне бағытталады. Аталған мәселені шешу үшін педагогтар мен әдіскерлер оқыту үдерісінде оқытудың белсенді түрлерін қолдануды көздейді.Сол себепті қысқа мерзімде ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғарғы деңгейде игеретін және практикада бекіте алатын әдістерді қолдануды талап етеді. Бұл талап білім саласында инновациялық өзгерістерге әкеліп, оқыту мен үйретудің негізі ретінде тұлғалық дамуды қарастыру, себебі динамика мен өзгерістерге толы ақпараттық кезең адамның білімді әрі білікті тұлғасына тәуелді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деп бекер айтпаған болар.

«Өмір бойы білім алу» тұжырымдамасының негізгі қағидалары нәтижеге және оқушыға бағытталады.[2;15]Өмір бойы оқып-үйрену дегеніміз тұлғаның әлеуметтік, азаматтық тұрғыдан жарқын болашаққа жету мақсатында өзінің білім, білік, машық, дағды, құзіреттіліктерін үнемі жетілдіруі.

Өмір бойы оқып-үйрену келесі шарттарды ұстану арқылы жүзеге асырылады:

үнемі жаңа білім игеру мен иемденуге ұмтылу;

оқытуда жаңашыл және интербелсенді әдістерді қолдану;

Қазіргі күні әрекеттік педагогика ең танымал оқу жүйесіне айналған, яғни мектепте оқу процесінің негізінде интербелсенді әдістемелер керек: әрбір мұғалім әрбір сабақта интербелсенді әдістер, құралдар мен тәсілдерді қолдануы қажет.

Интербелсенді оқыту көптеген жұмыс түрлері мен әрекеттері арқылы жүзеге асырылады: бірлескен жұмыстар, жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары, ситуативтік және рөлдік ойындар, ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау, шығармашылық жұмыстар, т.б.

Интербелсенді оқуда білім алушылар мынадай білім, білік, дағды, құзырлылық, машықтарды иемденеді: терең және жүйелі ойлану; ақпаратты өздігінен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу; ақпаратты жан-жақты талдау және бағалау; өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру; пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірлерін дәлелдеу; басқалармен тиімді қарым-қатынас құру.

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,әлемдік білім кеңестігіне бағытталған қайта құру қалыптасуда.Білім берудің мазмұны жаңартылып,жаңа көзқарас,жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы интербелсенді әдіс-тәсілдерді меңгеру қажеттілігі туындады.

«Интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Ал «интербелсенді оқу» дегеніміз өзара қарым-қатынасқа негізделген оқыту, диалог арқылы үйрету.
Интербелсенді оқыту үйренушілердің оқу процесіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары мен тәсілдері ретінде таниды. Сондықтан да интербелсенді оқыту оқу процесінің тиімділігі мен нәтижелігін үйренушілердің есте сақтау дәрежесімен өлшемей, олардың әрекеттерімен бағалайды, тек әрекет арқылы ғана үйрену ықтимал деген қағида ұстанады.
Осы қағиданы ұстанған мұғалім оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтып, сабақтарында оқушы бойындағы идеясы мен білім – біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруды талап етеді.

Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары:
• Орта қалыптастыру
• Әрекет арқылы үйрету
• Өмірмен байланыстыру
• Өзінділік пен дербестікке баулу.[6;7]

Сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты.Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын қазіргі қолданып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.

Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім- ұйымдастырушы, бағыт беруші. Оқушылардың дербес ізденісі жаңа білімді өз белсенділіктерімен алу іс-әрекеттерін ұйымдастыруға көмектеседі. Оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін сабақ барысында пайдалану арқылы сабақтың сапалы, қызықты өтетіндігін байқадым.

Білім беру процесінде ізденістің алар орны ерекше. Құр дайынды көшіру оқушының шығармашылық ойлау қабілетін, талабын өшіреді. Сондықтан әр түрлі әдіс-тәсілдерді оқыту барысында жиі қолдануға тырысамын.

«Миға шабуыл» әдісі – қойылған проблеманы оқушылардың шығармашылық белсенділігіне сүйене отырып шешуге бағытталған, оқушыларға проблеманы шешуде жауап нұсқасын таңдауға еркіндік беріліп, оны шешудің неғұрлым көп жолдарын көрсетуге негізделген. Кейін ең жақсы идеялар, шешімдер таңдалынып алынады. Мысалы, 3-сыныпта «Отбасы мерекелері» тақырыбы бойынша оқушылар отбасы туралы мәтінді тыңдап, бұрыннан таныс білімдерін жан-жақты еске түсірді. Бұл мәтінде кім туралы айтылып тұр? Әр отбасында мерекелердің атап өту ерекшеліктері? Сендерге басқа отбасындағы мерекені өткізу дәстүрі ұнады ма? Неге? т.б
сұрақтарға жауап береді.
Топтық жұмыс.Топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Бұл үшін мұғалім топқа бөлудің қызықты тәсілдерін қолдану керек. Оқушыларды топқа бөлудің қызықты, әрі танымды тәсілін олардың алдағы жұмысқа деген ықыласын арттырады. Топпен жұмыс істегенде уақытша болса да бастарын біріктіреді, араларында бір-біріне деген жылы сезімдер орнайды. Мысалы:

Жобалау технологиясы қазіргі таңдағы білімнің мақсат, міндеттеріне сәйкес табиғаттың шынайы заңдылықтарын танып білуде мәселені өзіндік жоспарлап жоба ретінде шешімін табады. Бұл технологияның оқу процесіндегі ерекшелігі өз жобасын құрып, әрекетін ұйымдастырып шығармашылықпен айналысуында. Үйге берілген «Наурыз мерекесі» тақырыбы бойынша оқушылар «Ұлыстың ұлы күні», «Наурызкөже» атты жобаларын қорғады. Қосымша мәлімет алып келеді, бұл жерде айта кететін жәйт жобаларын интерактивті тақта арқылы қорғайды, оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану деңгейі анықталады.

Сондай-ақ, қазақ тілі сабағында «Аяқталмаған сөйлем» әдісін қолдануға болады. Мысалы, үйге берілген тапсырмаларды тексеру барысында сөйлемнің басы беріліп, оны аяқтау оқушыға тапсырылады.
«Броундық қозғалыста» оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырыбы бойынша ақпарат жинайды.
«Есептеу ағашы» – сынып сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына жауап жазады, содан соң топтар орындарын ауыстырып, көршісінің ағашына өз идеяларын жазады.

«Өз позицияңды ұстан» деп аталатын интеграцияның да пайдасы бар. Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан кейін оқушылар «Иә» немесе «Жоқ» деген аймаққа бөлінген тақтаға (плакатқа) барады. Мүмкіндігінше олар өз позицияларын түсіндіргені дұрыс, әсіресе кейіпкерлерге, олардың іс-әрекеттеріне қатысты пайданалануға болады.

Бағалау. Рефлексия. Оқушылар өз білім деңгейін біледі, нені үйренгені
туралы айта алады. Әр адамның пікірі құнды екенін түсініп, өздерін
және өзара критериалды бағалауды үйренеді.

«Желідегі байланыс» әдісі.Желідегі байланыс түрлерінде берілген бейне сұрақтарға жауап беруде оқушылар сабақта белсенділік танытып,олардың пәнге деген қызығушылықтары артты.

«Қыстырғыш» әдісі.Бұл әдісті үй тапсырмасын тексергенде,жаңа сабақты қорыту кезінде және сөздік жұмысы кезінде қолдануға болады.

«Бірін-бірі оқыту» тәсілі,яғни «Үйрете отырып,үйренемін» қағидасын жүзеге асыратын тәсіл.Белсенді оқушы өз тобына мәтіннің мазмұнын түсіндіреді,мәтін бойынша сұрақтар қояды және оқушылар бір-біріне түсініктерін айтып береді.

«Білемін», «Білгім келеді», «Үйрендім» тәсілін сабақта жиі қолданамын.Оқушылар әр бөлікті стикер арқылы толтырады,өз ойларын білдіреді. Білгім келеді атты бөлімі өте қызықты сұрақтарға толы болды.

«Драма» әдісі оқушылардың сөздік қорын дамытуға көп мүмкіндік береді.Іс-әрекет пен сөйлеу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері арта түсті.

«Алты ойшыл қалпақ» әдісі ойлаудың алты түрлі әдісін білдіреді.Бұл әдіс оқушылардың жан-жақты ойлау қабілеттерін дамытады және дұрыс шешім қабылдап білуді үйретеді.

«Детальдарын қосу» әдісі. Топта жұмыс істеу кезінде оқушы меңгерген білімдерін көрсету үшін сөйлемді кеңейтуі қажет. Сөйлемі барынша дұрыс және нақты болса, сол топ сыйлық алады. Бастапқы сөйлемнің мысалы:
Сабақ басталды. Кеңейтілген сөйлемнің мысалы:
Қазақ тілі сабағы басталып, мұғалім оқушыларды түгендей бастады.
Интербелсенді әдіс-тәсілдер арқылы өткізген сабақтар барысында төмендегідей өзгерістер орын алды:
— Диалогтық оқытуда өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудыра алды және өз ойларын дәлелдеуге тырысты.

— Сөйлеу мәдениеті қалыптасып, ойын жеткізуге дағдыланды.

— Тілдік қорын толықтыра отырып, көркем әдебиет оқу қажеттігін түсінді.

— Дәстүрлі сабақ барысында томаға тұйық отырған бірқатар балалар ашылып сөйлеп, өзіндік пікірлерін білдіргені қуантарлық жағдай болды.

Қорыта айтқанда, диалогтық оқытудың маңыздылығы оқушы «Көре, көре көсем, сөйлей, сөйлей шешен» болады деген тұжырым жасауға негіз бар. Ал сын тұрғысынан ойлауға үйрету модульдері стратегиялары арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты, оқушылармен кері байланыс орнатылды. Топтық жұмыстар негізінде барлық оқушы жұмыспен қамтылып, көптеген оқушылардың қабілеттері ашыла түсті. Әдебиеттегі тұлғаларды сомдау арқылы импровизациялық қабілеттері дамыды. Сұрақтар қоюды, соның ішінде ашық және жабық сұрақтарды ажырата білуді үйренді. Постер қорғай отырып, дарынды оқушылармен бір топтағы оқушылар белсенділік танытып, ашыла түсті. Сабақты өздері түсіндіріп, өз қолдарымен жасағанда есте жақсы сақталатынын мойындады. Ең бастысы, өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып білу кезеңінде өз түсінігін өзгерте білді және білімді саналы түрде меңгеруге бейімделді.

Мұғалім жаңаша оқыту тәжірибесін пайдалана отырып, өз білімін өзара байланыстырып ұйымдастыра білсе, әр түрлі базалық мәліметтерді іздестіре отырып, технологиялар мен ақпараттарды қолданып, икемділік танытса және де еңбекте ынтымақтастықта болып, келіспеушілік пен әр түрлі көзқарастылыққа көрегенділік танытса, жетістікке жететіні сөзсіз.
Оқу-тәрбие үрдісінде интербелсенді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың білім сапа көрсеткіштері де артты.

Источник

ТӘЖІРИБЕ «Белсенді оқытудың тиімділігі»

Ищем педагогов в команду «Инфоурок»

БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

Ұстаз ойшыл болмаса,

шәкірт ұшқыр болмайды.

Өз сыныбымдағы негізгі мәселе оқушылырдың өз ойын толық жеткізе алмауы, тілдік дағдылары толық жетілмегендігі, өз ана тілінде еркін сөйлей алмауынан білім алушылардың оқу материалын толық меңгере алмауына әкеп соқты. Сондықтан өз тәжірибеме оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып, диалогтық оқытудың әдіс-тәсілдерін сабақта тиімді қолдана отырып оң нәтиже беретіндігін түсіндім.

• оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;

• басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;

• оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;

• мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.

Мұғалім оқу үрдісінде белсенді оқу стратегияларын тиімді қолдану оқушының кез келген материалды жақсы меңгеруіне ықпал етеді. Сондықтан белсенді оқыту стратегияларын іс-тәжірибемде қолданамын. Қай сыныпта болмасын білімді меңгеру оқушының оқу мақсатын түсінуіне байланысты. Білім беру жүйесінде күнделікті сабақ барысында оқу мақсатын түсінген оқушы тақырыпқа байланысты тапсырманы орындай алады. Бұл үшін жаңа тақырыппен жұмыста ең алдымен оқушыларға дұрыс нұсқау беремін. Оқушылардың ерекше назар аударатын мәселелерді назардан тыс қалдырмауына жағдай жасаймын. Белсенді оқу құрылымы оқудың уәжінен, мақсаты мен шартынан және нәтижесiнен құрылады. Белсенді оқыту мен оқу үрдісінің қажеттiлiгiнен және оқушының білімге қызығуынан туындайды. Ал белсенді оқуға ұмтылу үшін ықылас, уәж қажет. Уәж белсенді оқу үрдісін дұрыс меңгеруге бағыттайтын күш. Оқушы мақсаты – алда орындалатын іс-қимыл әрекеттің нақты көрінісін көрген соң нәтижеге жету. Менің мақсатым – тақырып бойынша сұрақтар бере отырып оларды қызықтыратын ақпарат алуға жетелейу арқылы нәтижеге жетуге ықпал жасап отырамын.

Тілдік дағдыларды қалыптастыруда, яғни айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылымға үйрету барысында алдымен көрсету және модельдеу өте тиімді. Сөздерді дұрыс айту, ақпаратты дұрыс қабылдау үшін қалай айту жөнінде мұғалім үлгісін көрсеткен жағдайда оқушы орындай алады. Менің құрастырған «Әріптер сыры» атты оқу бағдарламамның мақсаты да оқушылардың физиологиялық-психологиялық ерекшеліктерін негізделе отырып жүзеге асырылатын, баланың ойын әрекетінен оқу әрекетіне өтуін қамтамасыз етеді. Бағдарлама белсенді іс-әрекет тәсілдеме –нәтижеге жеткізетін ең негізгі тәсілдеме, өйткені адамның жанында бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолынан жасағаны ғана қалады. Қытай ғұламасы Конфуций «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын,көрсетсең –есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң –үйренемін деген тұжырымдамадан көруге болады. «Әріптер сыры» бағдарламасы білімді іздену дағдыларын (ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау,жазу, пікірлесу, пікір таластыру) басшылыққа алдым.

Белсенді оқу стратегияларын қолдануда оқушының түсiну, тереңдiк деңгейi оның алдына қойған мақсатына байланысты. Яғни, мәтiн негiзiнен не туралы екендiгiн, оның негiзгi мағынасын егжей-тегжейiне жете түсiну.

Белсенді оқу әрекетiнiң тиімділігі мақсаты мен уәжінде, яғни қиындық-кедергілерді жеңе отырып, белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзу. Ал белсенді оқу үрдісіндегі нәтиже дегенiмiз ақпаратты нақты әрi терең түсiну және мазмұнын айта бiлу.

Мысалы, «Қызыл телпек» ертегісінің мазмұнын жоспар бойынша баяндау үшін оқиға карта құрастыру немесе ашық сұрақтар қою арқылы ойландыруға бағыттау. Негізгі мақсат ертегіден басты ойды анықтай алу.

Қызыл телпек Қасқыр

Отыншы Қызыл телпектің артынан келіп, қасқырды өлтіреді.

Қасқыр әжесінің үйіне баса-көктеп кіріп, оны жеп қояды. Ол Қызыл телпек келгенде оны да жеп қойғысы келеді.

Қызыл телпек орманда қасқырды кездестіреді.

Ол оған әжесіне бара жатқанын айтады.

Оқушылар мәтінді оқи отырып, терең зерделеуге үйренеді және ойын жинақтай отырып, негізгі проблемасын табады да, шешімін айтады. Бұл қысқа да нұсқа жұмыс болғанымен оқушының өз ойын жинақтай білуге үйретеді. Сонымен қатар, белсенді стратегияларды қолдануда бірлескен оқудың да маңызы зор. Өйткені, бұл стратегияны тиімді пайдалану оқушылардың тақырыпқа сай ақпарат алуымен қатар олардың белгілі бір тақырыпқа байланысты ойлау деңгейлерін жетілдіреді де, бір-бірімен өзара жақсы қатынас орнатуды жақсартады. Бастауыш сыныпта белсенді оқытудың алғашқы кезеңiнде кесте бойынша моделiн: бiрiншi тыңдау – ауызша сөйлеу, содан кейiн оқуға үйрету деп айтуға болады.

Белсенді оқудың тиімділігі оқушы өзінің ой-пікірін еш бүкпесіз айтуға, сонымен қатар басқа адамның айтқан пікіріне құрметпен қарауды үйренеді. Бірлесіп оқу технологиясы оқушыларды тың идеяларды ұсынумен қатар олардың жаңа мүмкіндіктерді қолдануға бағыттап отырады. Белсенді оқудың тиімділігі білім алу үрдісінде оқушының жеке көзқарасы мен басқалардың пікірімен санаса білу мәдениеті қалыптасады. Оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу барысындағы негізгі мақсаты – қиын тапсырмаларды орындауда, топтық жұмыстарда, ортақ тіл табысу кезінде, өзін-өзі басқара білуде қажет болатын дағдыларды қалыптастыру. Тыңдалым – айтылым дағдысын қалыптастыруда белсенді оқудың тиімділігі адамның ойлау қабілетін дамытады. Өйткені, оқушы айтылғанды тыңдап, қабылдап және оны түсінуге үйренбейінше, басқа дағдыларды жеткілікті деңгейде меңгере алмайды.

Оқу үдерісінде жүйелі жүргізілетін белсенді əдістерді қолдану барысында оқушылардың сөздік қорлары толығады. Оқу үдерісінде мұғалім оқушының неғұрлым белсенді болғанына назар аудара отырып, оқу материалын дайын күйінде бермеуі, оларға ашық сұрақ қою арқылы назарларын шоғырландырып оқу, шолу жасауы, тәжірибе және зерттеу жасауға бағыттауының нәтижесінде нәтижеге жетеді.

Әдебиеттік оқу пәні оқушылар арасында бір сарынды, берілген шығарманың мазмұнын айту мен сыныптағы жаппай тізбектеп оқумен, мұғалімнің түсіндіру монологынан тұратын. Оқушылар жаттанды түрде шығарма мазмұнын айтқаннан гөрі, сол шығармадан өзіне өмірлік тәжірибе жинақтай отырып, автордың негізгі ойын түсінуге бейімдейтін тапсырмалар дайындаймын. Үй тапсырмасын сұраудан бұрын оқылған шығармалар мазмұны бойынша анкеталық сауалнама, шығарма авторына сұрақ әзірлеу, түйінін табу, сонымен қатар анықтау, талдау, жинақтау сұрақтары қамтылады.

Шығармаға басқа қандай ат қояр едің? Сұрақтары төңірегінде оқушылар өзара диалогқа түсіп, түрлі пікірлерімен, көзқарастарымен алмасады. Мысалы, «Дөңгелек үстел» тәсілі арқылы топ ішінде оқушылар кезекпен маркерді микрофон орнына ұстап,үй тапсырмасы туралы ауызша есеп береді. Мұғалім командасы бойынша «микрофон» келесі оқушыға беріледі.Топтан қалауы бойынша бір оқушы сыныпқа үй тапсырмасын айтады.

« Сыншымен сұхбатта » өз көзқарасын дәлелдеу, әрі құптай алуға келісу. Бұл өз дәлелдемелерімен қоса, басқаның пікірімен санасуға үйретеді.

« Күтпеген кездесу » (автормен, түрлі шығарма кейіпкермен), өз ой пікірін,тұжырымдамасын белгілі кейіпкерге жазу немесе айту. («Жусан иісі», «Мен соғысты жек көрем» «Дегелеңдегі қызыл күн»)

«Лингвистикалық микроскоп » (негізгі берілген сөздер, мәліметтер арқылы) немесе атаулы күндер арқылы өз бетімен,жұппен,топпен жұмыс жасай отырып, мәтінді, авторды анықтау

«Босмикрофон » ешқандай шектеусіз тақырыпқа сай айтылатын пікірлер.

«Шығарманы өз көзқарасыңмен,болжамыңмен аяқта » ( өзіндік пікірін қосу,түйінді сөзбен немесе мақалмен, сөйлеммен жеткізу ).

«Шығарманы ролмен ойнау» берілген шығармаларды сахналау, көрініс әзірлеу

«Алдын ала берілген атаулар» тәсілі тақырып кейіпкерлері туралы өз ойларын жазу. Мақсаты: жаңа білім қабылдауға және игеруге белсендіру.

«Үш қадамды сұхбат» 1- қадам. Оқушылар мысалдың алғашқы бөлігін оқиды. Содан кейін жұппен сұрақтар әзірлейді.Бірінші жұп жауап береді. 2- қадам. Керісінше. 3-қадам. Екі жұп тақырып бойынша бірлесіп, сыныпқа қандай сұрақ әзірлейтінін талқылайды.

«Сызбамен жұмыс» берілген мәліметтерді пайдалана отырып, автор туралы хабарлама әзірлеу.

7. Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Оқушылар жұмыстарын, хабарламаларын, жобаларын, презентацияларын сыныптың алдында қорғап, өзіндік сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Өткізілген тәжірибе нәтижесінде диалогты оқыту оқушылардың тілдік қорының молаюына, құзыреттілігінің дамуына жақсы әсер етеді.

Болжамы : Егер сабақ үдерісінде диалогтық оқыту тәсілі тиімді қолданылса, тілдік қарым –қатынасқа түсіретін тапсырмалар жүйелі пайдаланылса, онда оқушылар тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталанады, сауатты жазуға машықтанады, олардың сөйлеу мәдениетінің деңгейі артады. Жаңашылдығы : Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Оқушылар жұмыстарын, хабарламаларын, жобаларын, презентацияларын сыныптың алдында қорғап, өзіндік сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Өткізілген тәжірибе нәтижесінде диалогты оқыту оқушылардың тілдік қорының молаюына, құзыреттілігінің дамуына жақсы әсер етеді. Диалогты оқытуды бастауыш сыныптан бастап дамыта беру қажет. Оқушы диалогта тек тыңдаушы емес, оқу диалогының қатысушысы болады. Сабақ үрдісіндегі диалогта білім мен таным дағдылары бірге қызмет атқарып, дами түседі. Сөйлеу тілін біртіндеп дамытуда диалогтың орны ерекше.

Оқушыларды диалог арқылы талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер көбеюде. Әр оқушының өзіндік мүмкіндіктері бар. Сол мүмкіндіктерін ашуға қолайлы жайлы ортаны ұйымдастыра білу, мұғалімнің міндеті. Курстан өтпей тұрғанға дейін мен өз оқушыларымды жақсы білемін деген ойда едім, бірақ оқытудыңмен оқудың жаңа әдістері менің оқушыларымды маған басқа қырынан танытты. Топтық жұмыс маған өз оқушыларымды жан-жақты ашуға, әрқайсысының тұлғасын көре білуге, олардың мінез-құлықтарының ерекшеліктерін байқауға көмектесті. Топтық жұмыс оң нәтиже бере бастады. Оқушылардың білім алуға деген белсенділігі артты. Топта өз пікірлерін ортаға салады, толықтырады, басқаның пікірін тыңдайды. Өзіне, достарына баға береді. Ең бастысы оқушыларым сабаққа ынтамен келеді.

Мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің іс – тәжірибесін, жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана білуімен, бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан қолдана білуімен көрінсе, ал оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. Менің авторлық жұмысым 2-4 сыныптарға арналған «Математика әлемі» факультативтік курс бағдарламасы

Логикалық ойлауға қатысты математикалық есептерді шешу арқылы, ой-өрісінің, танымдық іс-әрекетінің дамуына деген баланың қызығушылығын арттырып, жалпы тұлғалық дамуын, өз бетімен жұмыс жасау, ойлау, шығармашылық тапсырмаларды шешу, сонымен қатар нақты сұрақ төңірегінде өзіндік көзқарасын дәлелдей білу қабілетін жетілдіреді.

Бағдарлама мазмұны бастауыш сынып оқушыларының танымдық дамуына сәйкестелген, оқу мотивациясын дамыта отырып, қарапайым математика әлемінде, математикалық білімін кеңейте, тереңдете отырып, оларға жоғарғы талап деңгейінде жұмыс жасау мүмкіндігін ұсынады, басқа тұлғалар арасында өзінің тұлғалық іс-әрекетінің ең бастысы қызығушылық пен зейінін, есте сақтау қабілетін, сезімін және тілдік дамуын, пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз білімін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алады.

Бағдарлама баланың математикалық ойлау бейнесінің дамуына бағытталған: нақты сөйлеу, математикалық терминдерді дұрыс қолдана білу, танымдық және шығармашылық, тұлғалық жеке бас рухани және тұлғалық қасиетінің дамуына, сенімді ортада өзінің психикалық денсаулығын нығайтады.

Аталған бағдарлама баланың шығармашылық дамуына логикалық ойлау, математикалық тілін, зейінін, математикалық жоба құрастыра білу, сараптау, ребустарды шешу, басқатырғыштар, қорытынды шығару, ойымен бөлісу қабілетін қалыптастырады.

Бағдарламаның педагогикалық мақсаты ақыл-ой дамуының қалыптасыру тәсілдерімен түсіндіріледі: сараптау, жинақтау,салыстыру, топтасыру, толықтыру, қорытындылау.

-оқытудың қағидалары (даралық, қолжетімділік,ғылымилық, сабақтастық, нәтижелік)

-бақылау әдістерінің икемділігі

Ақыл-ойға берілген тапсырмалар: пішін құрастыру, өзгерте білу, шешу жолдарын табу, ойын құралдары, ойын әрекеттері арқылы сандарды тауып алу. Тапқырлық, ептілік, зеректік бастамалары белсенді іс-әрекет негізінде байқалады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты: әр баланың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің деңгейіне сәйкес, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қолайлы жағдай тудыру.

Жалпы мақсаттан мынандай міндеттер шешімін табады:

-бала тұлғасының дұрыс өсуіне, ақыл-ойдың дамуына оқушылардың тұлғалық, сезімталдық-еріктілік, белсенділік қалыптастыру;

-математиканың болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылайтын және қоршаған ортаны танып білуге ықпал ететін екендігі туралы түсінік қалыптастыруға әсерін тигізу;

-оқушы білімін тереңдету, кеңейту және математикалық құзіретттілігін қалыптастыру;

-өмірге және мектептің келесі сатысында білім алуды жалғастыруға қажетті білім, білік және дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру;

-қызықты тапсырмалар арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру;

-шыдамдылық және табандылықты қалыптастыру;

-есте сақтау түрлерін, жалпы оқытудың біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту;

-математикаға қабілетті, дарынды балаларды анықтау;

Оқыту жүйесін ұйымдастыруда оқытудың жаңа тиімді әдістері мен түрлі тәсілдерін интерактивті жабдықтар арқылы кіріктілген сабақтар, аралас сабақтар жүргізіледі.

Бағдарламаны жүзеге асыру жүйесінде түсіндіру әдісі, көрнекілік әдісі, практикалық әдісі, ізденіс әдісі, өзіндік жұмыс жасау әдісі, көтермелеу әдісі қолданылады.Бағдарлама дәстүрден тыс сабақтар, кіріктілген сабақтар, сынақ сабақтар, ойын сабақтар, тәжірибе сабақтар түрлерін пайдалануды көздейді.Фроньтальдық, топпен, жеке жұмыс, жұптасып жұмыс жасау қолданылады.Оқушылар әртүрлі шығармашылық тапсырмаларды орындай отырып бақылауға, салыстыруға, қорытындылай білуге, сараптауға үйренеді.

Бағдарламада жаңашыл оқыту технологиялары мен әдістері: тәрбие мен оқытудың дамыта оқыту технологиялары, ойын технологиясы, компьютерлік технология, жобалау технологиясы, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, зерттеу іс-әрекет қолданылады.

Ұсынылған курс төмендегідей дидактикалық қағидаларды есепке ала отырып құрылған:

қолжетімділік: курс мазмұны оқушының танымдық қабілетінің мүмкіндіктерін еске алады:

-оқушының жас және жекеленген өзгешелік қағидасын есепке алып, баланың психо-физиологиялық даму мүмкіндіктеріне сай әдістер мен тәсілдер қолдану:

өзектілігі: оқушылардың математика деген ішкі құлшынысын, зияткерлік мүмкіндіктерін ашатын орта құру;

ғылымилығы: логикалық тұрғыда ойлау, пәндік құбылыстың сан қырын танып, жалпылау, қорытынды шығару, ойын ортаға салу;

жүйелілігі: жекеленген мысалдарды шешуден жалпы есептерді шешуге құрылған;

практикалық бағыттылығы : факультативтік сабақтың мазмұны оқушыға математикалық терминдерді оңды меңгертіп, қызықты есептерді шығаруда, мектеп және қалалық, олимпиадаларда қатысуда оңай жұмыс жасауына бағытталған:

Оқушылардың негізгі іс-әрекет түрлері:

-қызықты есептер шығару;

-математикалық қабырғаны безендіру

-математикалық байланысты танымал ғылыми әдебиеттермен танысу;

-өз бетімен жұмыс жасау;

-жұппен, топпен жұмыс;

Кластер құрастыру. Қандай да бір тақырыпты ұғынуда ой үрдісін көрнекті ететін графикалық ұйымдастыру тәсілі. Жаңа тақырыпқа болжам, не білетінін есіне түсіреді, жазады, салыстырады. Кластерлермен жұмыс жасағанда оқушылардың еркін ойлануына мүмкіндік бердім.

Оқушылардың оқу жетістігін бағалауда аса көтере баға қоятынын анықтадым. Бұл мәселені жою үшін қалыптастырушы, жиынтық бағалау түрлерін қолдандым.

Бастауыш сынып оқушылары үшін қарапайым және тиімді әдіс- «Бағдаршам» әдісі. Бағдаршам түстерін пайдаланып, (жақсы, орташа, шамалы түсіндім) оқушылар өздеріне берген бағасын хабарлайды. Мұғалім «жасыл» немесе «сары» түстер бірлесіп бір-біріне проблеманы шешуге көмектесуі үшін оларды жұпқа біріктіре алады. Ал «қызылдар» тобы өздерінің түсінбеушіліктерін жою үшін мұғаліммен топтасады.

«Басбармақ» әдісі. Тақырыпты меңгеру барысында оқушылардың қаншалықты түсінген, түсінбегенін білу үшін мұғалім қол белгілерін қолданады.

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсіндім және айтып бере аламын.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін, бірақ сенімсізбін.

Басбармақ төмен қарай = Мен әлі түсінбедім.

Мұғалім түсінбеген оқушыларға нақтылау сұрағын қояды. «Нені түсінбедің?». Түсінген оқушылардың бірнеше жауабын тыңдатады, оқушы жауаптарының негізінде қайта өзі түсіндіріп жіберуіне болады, содан кейін осы әдіспен қайталап тексеру керек.

«Ғажайып сызғыш», «Блоб ағашы», «Температураны өлшеу», «Смайликтер» т.б . әдістер арқылы да оқушы өзін-өзі бағалай алады.

Бастауыш сынып оқушылары болғандықтан алдымен «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалауды үнемі назарда ұстаймын. Мұндағы мақсатым –өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып,оны түзетуге бағыттау.

Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір- бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады»

Бағалаудың өзіндік қиындықтары да байқалып жатады. Басында балалар өздеріне жоғары баға береді. Ол жағдайда оқушыларға бағаның шын болу керектігін айта отырып, яғни шын баға өзінің қаншалықты түсінгенін көрсететінін айтып өткен жөн. Яғни әр оқушы өзіне сын көзбен қарай бастайды.

Өзін өзі бағалау өзін өзі реттеуге жетелейді. Оқушыны төмендегі жолмен өзін өзі бағалауға үйретемін:

-Бұны білемін, ол қолымнан келеді.

-Бұны аздап білемін, әлі үйренуім қажет.

Бағалаудағы ерекше тәсіл- критерий арқылы бағалау болып табылады. Бұл бағалау барысында оқу үдерісі оқушылар өзін-өзі, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін, өзінің әрекеттері мен мүмкіндіктерін бағалауға жағдай жасалатындай етіп ұйымдастырылады.

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

*алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;

*өзін-өзі бағалауға мүмкіндіктің берілуі

Критерий арқылы бағалау:

1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;

2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;

3. Білім беру сапасын арттыруға;

4. Оқытудың сапасын жақсартуға;

5.Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;

6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;

7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді

1.Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;

2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;

3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;

4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.

1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы обьективті дәлелдер алуға;

2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;

3. Оқу үрдісінде оқушыға қолдау көрсетуге;

4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;

5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.

Критерий арқылы бағалаудың артықшылықтары :

— жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;

— оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;

— бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады.

— өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритімі белгілі.

— оқушының оқуға деген және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.

Бағалау шынайы және барлығына көрінетіндей болуы үшін сабаққа негізделген бағалау критерийлерін құра бастадым. Ол критерий сабақты жақсы меңгергендігі, берілген тапсырмаларды орындауы сияқты меңгеру қажеттіліктеріне негізделеді. Оқушылар критериилерге сүйене отырып өздерін де өзгені де шынайы бағалауға тырысып жатады.

Бағалау арқылы оқытуды жақсарту бір қарағанда қарапайым болып көрінетін бес басты фактордан тұратындығын көрсетті:

1. Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.

2. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.

3. Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.

4. Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.

Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс, бұл – оқушының білімге деген ынтасының артуына, білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. Бағалауға деген көзқарасымызды өзгертіп, сабақтарымызға критерий арқылы бағалауды енгізіп біз оқушыларымыздың тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттай аламыз. Менің аз уақыт тәжірибемде сыныптағы білім сапасы көтерілді.

Сабақта өткізілген рефлексия оқушылардың оқу материалына деген қызығушылын көрсетеді.

«Саған ИТ жұмыс жасаған ұнай ма? Несімен ұнайды?» деген сауалнамаға 100% аталған іс-әрекетке деген жақсы қарым-қатынас көрсетті.

Бастауш сыныптың сабақтарында АКТ қолдану тәжірибеме сараптай отырып, АКТ пайдалану:

Оқу уәжін жоғарлауын қамтамасыз етеді

Сабақтың эстетикалық және эмоцианалдың деңгей жоғары өтеді

Саралап оқытуды қамтамасыз етеді

Сабақта орындалатын жұмыстың көлемі 1,5-2 есе артады

Білімді сапасын бақылау жақсарады

Зерттеу іс-әркетінің дағдыларын қалыптастыру толықтай қамтамасыз ететіндігін сеніммен айтуға болады..

-Ғаламтордан ақпараттар жинақтайды, жоба құрастырады, презентация жасайды,қорғайды.

Ойлау, шешу, жұппен, жеке, топпен жұмыс жасауына мүмкіндік алады

Тиімділігіне келетін болсақ:

Әріптестеріммен де өз тәжірибеммен бөлісіп, оқу үрдісіндегі туындаған қмыншылықтар мен жетістіктерім жайлы тәжір ибе алмасамын

Источник

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *